Көксу ауданында жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы өтті.

Көксу ауданында жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы өтті.

Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен жаңадан құрылған Көксу аудандық жас сайлаушылар клубының бірлескен отырысы өтті. Отырыс бекітілген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, жұмыс барысы іскерлік, мазмұнды әрі еркін форматта өтті.

Отырыста жас сайлаушылар клубының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, талқылау қорытындысы бойынша бекітілді. Сонымен қатар, жас сайлаушылар клубының төрағасы болып Көксу ауданы Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп КММ-нің 10-сынып оқушысы Қайырхан Бейбарыс Ануарұлы сайланды. Оған клуб төрағасының арнайы куәлігі табысталды. Сондай-ақ клуб қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айқындалды.

Отырыс барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, жас сайлаушылардың сайлау процесіне қатысу белсенділігін арттыру, сондай-ақ олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Аталған іс-шараға Көксу ауданы білім бөлімінің әдіскері Талипова Назира Қанагатовна қатысты.