«Біз біргеміз» акциясы

«Біз біргеміз»  акциясы

«Біз біргеміз»  акциясы өтті.

Елімізде төтенше жағдай алуына байланысты «Біз біргеміз» акциясын орындау мақсатында Балпық ауылдық округінің еріктілері, жеке кәсіпкерлер Ж.Кузбаев пен Фатихова М., бастаған топ Балпық би округіне қарасты, көп балалы 9 отбасына азық – түлікпен қамтамасыз етіп көмек көрсетті. «Қазақ елі қиындықта бір – бірін тастамаған». Өз сөздерінде жеке кәсіпкерлер, біздің орнымызда басқа да адамдар болса көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, кез келген қазаққа көмектерін берер еді деп өз ойларын білдірді. Акцияға Балпық ауылдық округінде орналасқан мекемелер атап айта кетсек «Жұлдыз» бөбек жай – балабақшасы және «Қуаныш» бөбек жай –балабақшасы  өз қолдарымен бетперде (маска) тігіп жоғарыда көрсетілген отбасыларға және Балпық ауылының халқына таратты. Осындай сәтте көмектерін аямай көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз. Игі істер мен жақсы жаналықтар әліде жалғасын таппақ.