Мұқаншы ауылдық округінде COVID-19 инфекциясының алдын алу және күресу бойынша атқарылған жұмыстар

Мұқаншы ауылдық округінде  COVID-19 инфекциясының алдын алу және  күресу бойынша атқарылған жұмыстар

  Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 жарлығы жарияланған уақыттан бастап, Мұқаншы ауылдық округінде «коронавирустық инфекцияның» алдын алу және күресу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

  Ең алдымен санитарлық және  профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, көпшілік қоғамдық орындарда (мекемелер мен дүкендерде) азаматтардың қауіпсіздігін сақтау тәртібі орнады. Ауылдың аз қамтылған отбасыларына 850 бет перде тігіліп, тегін таратылды. «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында, округтің волонтерлерінің көмегімен аз қамтылған 120 отбасыға 3 000 000 тенге көлемінде азық-түлік берілді.

  2020 жылдың 16 наурыздан бастап оқушыларға білім беру қашықтықтан немесе шектелген білім беру режиміне көшті және аз қамтылған оқушыларға теледидар мен интернет арқылы кедергісіз сабақ оқуға жағдайлар жасалды.

  Пандемияға байланысты жұмыс орнынан қысқарған және бұрыннан жұмыссыз ауылдық азаматтар мемлекеттік бағдарламамен жұмысқа тартылды. Қоғамдық жұмысқа жыл басынан округ бойынша 86 адам, құрылыстар мен жөндеу жұмыстарына 20 адам, «Жасыл ел» жасағына 10 адам, жастар практикасына 3 адам орналасты.

  Қазақстанның 50 жылдығы ауылында жалпы ауданы 1362 шаршы метр, ұзындығы 196 метр, биіктігі 4 метр құрайтын шағын спорт алаңы салынды. Көксу бекетінде өрт сөндіру бекеті, балалар ойын алаңқайы орнатылды. Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде суағар жүйесі орнатылды. Көксу бекетінде Қожабергенов, 8 март, Байсеитов, Қазақстан, Чалабаев, Мұқанов, Рысқұлов, Жамбыл Жабаев, Исабаев, Алдабергенов, Мұқаншы ауылында Желтоқсан көшелеріне жалпы ұзындығы 5500 м құрайтын ағымды жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта округтегі тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонды қоршау жұмыстары,  Абай көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.