Округте атқарылған жұмыстар

Округте атқарылған жұмыстар

   Мұсабек ауылдық округі бойынша  2020 жылы 16 наурызынан КОВИД-19 төтенше жағдай кезінде  округте атқарылған жұмыстар:

  - Округ бойынша барлық елді мекендерде тұрақты тұрып жатқан азаматтарды, сыртта оқып жатқан студенттерді, вахта тәсілімен жұмыс жасап жүрген азаматтардың есебін жұргізіп, әр отбасымен жұмыс жасалды.

  Сырттан келген  азаматтарға  медициналық қызметкерлерімен түсіндіру  жұмыстары жүргізіліп, карантинге  үйде жату туралы ескертіліп, бақылауға алынды.

  -  Округ әкім аппаратының ғимаратында, қоғамдық жерлерде тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге шектеулер қойылып, дезинфекциялық құралдар қойылды.

  - Ауылдық округ мамандары 80 пайыздық қашықтықтан жұмыс атқаруға ауыстырылды.

-ауыл әжелері 500-ге дейін бет-перде  тігіп, тегін тарату акциялары ұйымдастырылды.

  - округ бойынша көпшілік жиналатын астар, той, дәстүрлі жиындар өткізуге қатаң тыйым салынды, округке кіре-беріс жолына автокөлік жолаушылары қозғалысы қатаң бақылауға алынды.

  - Округ бойынша  ауыл тұрғындарына  коронавирус туралы жадынама 626 дана таратылды. Ауыл азаматтары толық маскамен қамтылды және де маскамен жүру туралы ескертулер берілді.

  - Округте 6 дүкен бар.  Мәулімбай ауылында 1 азық-түлік /Алинұр/ дүкені жұмыс істейді, дүкен иесіне төтенше жағдай бойынша жадынама мен қаулы  таныстырылды. Мұсабек ауылында 4 азық-түлік /Нұрлан, Нұрсұлтан, Елдос, Эсма /  дүкені бар.1 ыдыс-аяқ /Әлия/ дүкені бар. 6 дүкен иесіне жадынама мен қаулымен таныстырылды. Дүкендер қаулы негізінде жұмыс істеді.Ауыл тұрғындарына 100 қап бірінші сорт ұн төмен бағамен сатылып,  тұрмысы төмен 10 отбасыларына  күніне 1 бөлкеден нан пісіріліп, тегін берілді.

  - Почта ғимаратында зейнетақы тарату кезінде  аппарат әкімінің мамандарымен кезекшілік ұйымдастырылып, зейнетақы тарату кезінде  төтенше жағдай туралы тұрғындарға  ескертіп, азаматтар толық санитарлық сақтық шараларын  орындады.

  - Тұрмыс деңгейі төмен, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған көпбалалы 53 отбасыларына 540800 мың теңгеге азық түлік ретінде көмек көрсетіліп, үй –үйлерді аралап таратылып берілді. Округтегі жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі жандарға және  көпбалалы, аз қамтылған 35 отбасыға күнделікті наубайханадан 5 сәуірден бастап тегін нан таратылып берілді.

   Округ бойынша екі Қызыларық және Жеңіс мектептері  3 2020 жылғы оқу жылын ON-лайн режимінде аяқтап, 1 қыркүйектің 1 тоқсанында Қызыларық метектебі осы режимде оқушылар дәріс алуда. Жеңіс негізгі мектебінде интернет жүйесінің жоқ болғандығынан, оқушылардың аз болғандығынан ОFF-лайн тәсілде дәріс алуда.