Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көріп, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Міне, осындай жас кәсіпкерлердің қатарын толықтырамын деген ниетпен Көксу аудандық пробация есебінде тұрған 2 азамат та бар. Олар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау бизнес» жобасы бойынша бір айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алған. Екеуіде жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатындағы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан берілетін көмект 200 АЕК немесе 555 600 мың тг грант алу үшін құжаттарын дайындап жүр. Оның бірі дәнекерлеуші қызметі болса, екіншісі мал кәсібін дамыту бойынша.
Көксу аудандық пробация
қызметі бастығы әділет майоры
Жолдыбаев Саят Әбілмұратұлы