Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру үшін не білуіміз қажет?

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру үшін  не білуіміз қажет?

2025 жылдың тоғыз айында Жетісу облысында жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын алу үшін 10595 өтініш қабылданды.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – оның кадастрлық нөмірі сияқты бірегей сипаттамаларын қамтитын және оған құқықты растайтын құжат.
Сәйкестендіру құжатын алу үшін, жерге орналастыру жобасы әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің бұйрығымен бекітіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО жүгініп немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады.
Бұл мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Құны тіркелген мүліктің түріне (жылжымайтын мүлік, жер учаскесі) және өтініш берушіге (жеке немесе заңды тұлға) байланысты . Қызметті көрсету мерзімі төрт жұмыс күні.
Өтініш берушіден мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі.
1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру туралы өтініш.
2) Жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі;
3) бекітілген жерге орналастыру жобасы;
4) жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу жөніндегі материалдар;
5) жер учаскесін сатып алу-сату шарты;
6) көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжаты (түбіртек).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне акт немесе жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.