📍 "Таза ауыл – таза болашақ": Жастар экологиялық мәдениетті дәріптеді

📍 "Таза ауыл – таза болашақ": Жастар экологиялық мәдениетті дәріптеді

Ағымдағы жылы Көксу ауданы, Балпық би ауылдық округіндегі М.Сеңгірбаев атындағы саябақта «Таза ауыл – таза болашақ» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараны «Koksu jastary» жастар филиалы өткізсе, оған «Жасыл ел» еңбек жасақшылары белсене атсалысты.

🌱 Акция барысында:
- Саябақ аумағы толық тазаланып, 50-ге жуық қап қоқыс жиналды;
- Ағаш түптері мен аумақ ретке келтірілді;
- Ағаштарға су құйылып, жасыл желекке күтім жасалды.

Жастар табиғатты аялауға деген ұстанымдарын нақты әрекетпен дәлелдеді. Бұл шара – тек сенбілік емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың табиғатқа жанашыр көзқарасын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

✅ «Таза ауыл – таза болашақ» акциясы арқылы жастар ауыл көркін көркейтіп қана қоймай, жауапкершілік пен патриоттық сезімді нығайтты. Қоғамның белсенді бөлігі ретінде олар қоршаған ортаға қамқор болудың жарқын үлгісін көрсетті.