Мемлекеттік корпорация қызметкерлері «Үздік қызмет көрсету маманы» байқауының жеңімпаздары атанды

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері «Үздік қызмет көрсету маманы» байқауының жеңімпаздары атанды

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жетісу облыстық филиалының қызметкерлері «Үздік қызмет көрсету маманы» байқауына қатысты.

Жыл сайын 23 маусымда Мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі. Биыл Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті бұл байқауды мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, клиентке бағдарланған қағидаттарды нығайту және халыққа қызмет көрсететін қызметкерлерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырды.

Байқаудың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «Сервистік маман» номинациясында бірінші орынды Ескелді аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі, екінші орынды Көксу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі иеленді. Екі ұжым да алғыс хаттармен марапатталды.

Аудандық бөлімдердің тәжірибесі қалада да, ауылдық жерде де клиентке бағдарланған тәсіл мен сервистік стандарттардың жүйелі түрде енгізіліп жатқанын дәлелдейді.