Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді, құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Мәселен, Департаментпен Панфилов ауданы тұрғынының «Жеке куәлік пен паспортты беру» мемлекеттік қызметін Панфилов ауданы Полиция бөлімі сапасыз көрсеткендігі туралы шағымы қаралды.
Шағымды қарау барысында «Жеке куәлік пен паспортты беру» мемлекеттік қызметі сапасыз көрсетіліп, алған құжаттарының түп нұсқасы мен цифрлық нұсқаларында сәйкессіздік анықталды.
Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департамент тарапынан қажетті іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет алушының құжаттары сәйкестендіріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Аталғанның негізінде, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, № 75 мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «E-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» telegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті