Қызылтоған ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қызылтоған ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

🏥 Көксу ауданының Алғабас ауылдық округіне қарасты Қызылтоған ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылды. Салтанатты шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен аудан әкімі Дәулет Халелов қатысты.

📍 Жалпы ауданы 260 шаршы метрді құрайтын жаңа медициналық мекеме 430 ауыл тұрғынына қызмет көрсетеді. Мұнда екі орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді, сондай-ақ аптасына 1–2 рет амбулаториялық дәрігерлер қабылдау жүргізеді.

🩺 ФАП қызметіне алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, аурулардың алдын алу, скринингтік бағдарламаларды іске асыру, жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жасау және вакцинациялау кіреді.

👥 Салтанатты ашылу барысында вице-министр Тимур Мұратов пен аудан әкімі Дәулет Халелов ауыл тұрғындарын құттықтап, жаңа медициналық нысанның ашылуы ауыл халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Жаңа нысанды аралап, бөлмелерін көріп шықты.

📌 Бұл жоба ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға бағытталған.