Меню

Страницы

Статья

Лудомания-болезнь современного общества

Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар-лудомания дейді. Ал, еліміздегі желкілдеген жеткіншектеріміздің бұл дертке шалдығуының себебі не? Лудомания ойыны – жастармен ересектер арасындағы құмар ойындарға тәуелділік мәселелесі - қазіргі таңда өзекті болып отыр.

Лудомания - ессіздік, ойынға құмарлық. Еліміздің түкпір - түкпірінде толып тұрған букмекерлік кеңселердің іші толған жастар. Ойынға құмар жастар қолдарындағы соңғы ақшасын тігіп, үлкен қаражат көтерем деп сенеді. Алайда, ұтылып қалған соң, еңселері түсіп, өзін қоғамнан алшақтатып жібереді. Алғаш қызығушылықпен бәс тігіп, кейін ойынға тәуелді болып қалғандар қаншама? Құмар ойынға бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ.

Адамның қызығушылығын арттырып, құмарлыққа тез үйрететеінде осы кез. Санаңды улап, құмар ойынға үйір қылып жіберетіні де сөзсіз. Ондай адамдар дер кезінде өз-өзін тоқтатпаса, біртіндеп бүкіл дүние-мүлкін, көлігін, тіпті басындағы баспанасын сатып, ақшасын құмар ойындарға салып жібереді. Таныстарынан, ағайындарынан қарызға ақша алып, оны қайтара алмай жүргендер қаншама?!

Одан әрі ұрлыққа баратындарда бар. Ең соңында тақырға отырып, кейбіреулері қылмыс жасап, түрмеге отырады, ал кейбіреулері «мен осындай жағдайға қалай ғана түстім, қайтіп құтылсам екен?»-деп бұл тығырықтан шығуға жол іздейтіндерде бар.

Лудомания адам өмірінде басым роль ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін ойын құмарлығы.

Лудомандар - құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Қазіргі кезде казино, түрлі ақшалай ойын автоматтарының таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналып тұр. Қоғамда оларға ешқандай шара қолдана алмайды. Себебі құмар ойындардың көбісі заң жүзінде рәсімделген. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтарда ашылған. Бірі білсе екінші білмейді.

Алайда, осы жолда адасқан адамдар тек ақшадан емес, өмірінен айырылады. Не себептен адамдар тәуелділікке ұшырайды?

Бірінші және ең көп таралған мәселе ол:-отбасындағы мәселе. Егерде үй ішінде тыныштық орнамаса, іштегі ызаны басып тастау үшін ойындарға көңіл бөліп уақыт өткізетін болады. Екінші, ол қаржылық моральды қиындықтар.

Үшінші мәселе:қанағатсыздық. Яғни өмірден түңілу, бар дүниені бағалай алмау.

Мамандардың айтуынша, лудомания дертіне шалдығу бірнеше факторға байланысты:

-биологиялық;

-психологиялық;

-әлеуметтік;

-рухани;

Лудоманды былайша аңғаруға болады:

Біріншіден, барлық бос уақытын ойынмен өткізеді. Казиноларға ставка қояды. Букмекерлік контораларда отырады.

Екіншіден, қаржыны көп жұмсайды, ставкалар қомақты ақшаны қажет етеді, соның нәтижесінде үйіндегі құнды заттарын сатады, жақындарымен таныстарынан қарызға ақша алады, тіпті одан қала бере банктерден несие алады, сөйтіп қарызға белшесінен батады екен.

Үшіншіден, көңіл күйі өзгереді. Лудоман әрқашанда ойын туралы ойлайды.

Төртіншіден, жеңілістен кейін, қайтадан ойнап, ұту идеясы пайда болады.

Бүгінде елімізде құмар ойындарынан келетін қауіп үлкен мәселеге айналып отыр. Мұндай ойын түрі күн өткен сайын түрленіп, қоғамға келтіретін зияны ұлғайып келеді. Оңай жолмен табыс табуға құныққан адам әртүрлі қиындықтарға душар болып, қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, яғни тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды. Жасыратыны жоқ, құмар ойын адам баласын өз-өзіне қол жұмсау, бір-бірін өлтіру, ажырасу, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, қарызға бату сияқты халге де жеткізуде. Бұдан да сорақысы, құмар ойынға елітушілердің арасында өз әйелін, үйін, көлігін, басқа да қажеттіліктерін бәске тігушілер кездесіп жатады.

Жалпы, лудоманияның қоғамға төндіретін қаупі орасан зор. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Сондықтанда, қазақ еліне, оның ішінде жастарына айтарым, құмар ойындарына емес, спортты серік ететін жігерлі, жалынды азамат болыңыздар.

 

 

Аудан әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі - Кубиева Жанар Ануарбекқызы

Дата публикации
10 декабря 2024
Дата обновления
10 декабря 2024
Тип
Информация для населения

Сейчас читают

Информация
25 июня 2025
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әділетті қоғамның іргетасы
Информация
25 июня 2025
Мемлекеттік қызметшінің әдебі: заң алдындағы міндет, қоғам алдындағы жауапкершілік
Информация
25 июня 2025
«Көксу ауданындағы сервистік әкімдік: Азаматтарға ыңғайлы орта және тиімді қызмет»

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграмм
Вконтакте

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации