2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Көксу аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 4650 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 3342 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 11 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 6.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көксу аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 4 сайлау округі бойынша
Алпысбаев Адилбек Керимбаевич үшін сайлаушылардың 156 дауысы берілді,
Мергенбаев Медет Серикболович үшін сайлаушылардың 126 дауысы берілді,
Тустикбаева Айгерим Айдаровна үшін сайлаушылардың 1152 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 13;
№ 11сайлау округі бойынша
Бақытхан Зирагүл үшін сайлаушылардың 202 дауысы берілді.
Садыбаева Анар Белисбековна үшін сайлаушылардың 1288 дауысы берілді.
Талипова Назира Канагатовна үшін сайлаушылардың 251 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 41;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көксу аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№ 4 сайлау округі бойынша – Тустикбаева Айгерим Айдаровна, 1989 жылы туған, «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ «Көксу аудандық кітапханасы» КММ, Көксу ауданында сайланды.
№ 11 сайлау округі бойынша – Садыбаева Анар Белисбековна, 1972 жылы туған, "Жетісу облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі "ММ" Мұқаншы орта мектебі " мектеп жанындағы шағын орталығымен КММ, Көксу ауданында сайланды.
Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы