«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 60 «Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 275-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жасау, аудан әкімінің орынбасары Е.Шалкибековке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.