
Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту – аса маңызды міндеттердің бірі . Осы бағытта тіл саясатының тиімді жүзеге асырылуына тұрақты түрде көңіл бөлініп, уақыт талабына сай жаңа міндеттер айқындалуда ⏳
Қазіргі таңда тіл жанашырлары мен еріктілер мемлекеттік тілге қатысты заң талаптарының орындалуын жіті бақылап келеді 👥
Осы орайда Жарлыөзек ауылдық округінің бас маманы М. Тұрғамбаева «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес («Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі») округ аумағындағы қызмет көрсету орындары мен жекеменшік сауда нысандарында тексеру жұмыстарын жүргізді 🏢🛍️
Тексеру барысында дүкен маңдайшалары, түрлі жазбалар мен хабарландырулардың заң талаптарына сай рәсімделуі және деректемелердің дұрыс орналастырылуы назарға алынды 📋
Анықталған кемшіліктерді түзету мақсатында кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді 🤝