
Жарлыөзек ауылдық округінде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Ұлттық мәдениет – ұлт айнасы» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді насихаттау және жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру. Шара барысында қазақ халқының бірқатар салт-дәстүрлері сахналық көрініс арқылы көрсетілді. Атап айтқанда, «шілдехана», «бесік той», сондай-ақ баланы бесікке бөлеу салт-дәстүрі көрсетіліп, оның тәрбиелік маңызы түсіндірілді.