💠 Жарлыөзек ауылдық округінде Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті. Тағзым шарасына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар және Ауған соғысы ардагерлер қатысты. Жиналған қауым Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен азаматтарға құрмет білдірді.
Салтанатты рәсімнен кейін ардагерлерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары мен ауыл жастары ән шырқап, жүрекжарды тілектерін арнады. Әсерлі әндер мен тағылымды өлеңдер кешке ерекше рух беріп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🔸Ардагерлеріміздің ерлігі әрдайым ұмытылмайды, олардың есімі халық жадында мәңгі сақталады.