🔶 Жарлыөзек ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті

🔶 Жарлыөзек ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті


🔶 Жарлыөзек ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті.
🔸 Жарлыөзек ауылдық округінің мәдениет үйінде Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы, Жетісу облыстық мәслихат депутаты Шеңгелбаев Секенбай Сейтжанұлы, сондай-ақ Көксу ауданы мәслихат депутаты Байжұманов Ғалым Қазбекұлының қатысуымен ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесуі ұйымдастырылды.
Аталған кездесуде 2025 жылы мәслихаттар тарапынан атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттары, тұрақты комиссиялардың қызметі, аудан мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған қабылданған шешімдер жан-жақты баяндалды.
Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жол инфрақұрылымы, көше жарықтандыру, абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы толық ақпарат берілді.
Есеп беру кездесуі ашық әрі еркін форматта өтіп, кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдары түсіндірілді.