*️⃣ Құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Жарлыөзек ауылдық округінде бөтеннің мүлкін ұрлау, мал ұрлығы және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
⏬️ Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⬇️ Сонымен қатар, тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелер талқыланып, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасында тәртіп пен жауапкершілікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер ауыл тұрғындары мен жауапты мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайтып, қауіпсіз әрі тыныш қоғам қалыптастыруға бағытталған.
@zharlyozek.zhastar.01