Жарлыөзек ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Жарлыөзек ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Жарлыөзек ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту, заң талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру болды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу тетіктері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ашықтық пен әділдік, заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері қозғалды.

Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар тарапынан белсенділік байқалды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қоса бермек.