«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы»

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы»

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы»

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде  бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылдың мамыр айының 15-күні «Көксу ауданы Мұсабек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, азаматтардың құқықтары мен электронды мемлекеттік қызмет алу барысын түсіндіру»  атты жиналыс өтті.

          Бас маман – Әлібай Зиягүл Досанқызы өз сөзінде Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір сапасы болып табылады.  «Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы  құқықтық кабинет ашылған. Аталған  портал арқылы  барлық азаматтарға   ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқасында қолжетімді екендігін түсіндіре отырып бірнеше мысалдар келтіріп айтты.

        «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Бүгінгі таңда «Көксу ауданы Мұсабек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді:

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
  2. «Сауда-саттық (Конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды
  3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  4. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
  6. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
  7. «Жер учаскесінің мерзімін ұзарту»
  8. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»

«Мұсабек ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі ғимаратында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету» және «Құқықтық кабинет» бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен  «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот,  @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз  алуда.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қиылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді деп түсіндірді.

Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдың азаюына негіз тудыру.