Аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен алдағы референдумға байланысты кездесуі.

Аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен алдағы референдумға байланысты кездесуі.

2026 жылдың 4 наурыз күні Көксу ауданының әкімі Халелов Даулет Кенжеханұлы Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен алдағы референдум бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп, олардың өңір дамуына тигізер ықпалы жөнінде кеңінен талқылады.

Қазіргі таңда жаңа Конституция жобасы аясында ұсынылып отырған өзгерістер қоғамда кеңінен талқылануда. Оның басты мақсаты – әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Бұл реформалар өңірлердің дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.

Бүгінгі кездесуде де осы өзгерістердің мән-маңызын түсіндіріп, ауыл-аймақтың дамуына тигізер оң әсерін атап өтті.