
Бүгін Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлы Мұқаншы ауылының тұрғыны, Қазақстан Республикасының демографиясына үлес қосқан батыр ана Латиханқызы Жаңылсынға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын салтанатты түрде табыстап, оны жоғары марапатқа ие болуымен құттықтады.
Бұл марапат көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін құрмет пен қолдаудың жарқын көрінісі болып табылады. «Күміс алқа» – ел болашағын тәрбиелеп отырған аналардың еңбегін бағалау, олардың қоғамдағы рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында берілетін мемлекеттік награда.
Аймақ басшылығы аналардың қоғамдағы ерекше орны мен олардың демографиялық өсімге қосқан үлесін жоғары бағалап, отбасы институтын нығайту бағытындағы қолдау шараларын жалғастыра беретінін атап өтті.