
15 наурыз күні Жетісу облысы аумағында ұлттық дәстүрімізді ұлықтау және жас ұрпаққа мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында 300 баланың тұсаукесу рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Аталған игі шарадан Мұқаншы ауылдық округі де тыс қалмай, арнайы өткізілген мерекелік іс-шараға белсене атсалысты. Ауыл ақсақалдары мен аналар кеңесінің мүшелері балалардың тұсауын кесіп, ақ баталарын берді. Іс-шара барысында қазақтың көне дәстүрлері дәріптеліп, жас бүлдіршіндерге жақсы тілек айтылып, ұлттық құндылықтардың маңызы насихатталды.
Тұсаукесу – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрінің бірі, ол баланың болашағына ақ жол тілеу, оның өміріне сәттілік пен игілік тілеу деген терең мағынаны білдіреді. Бұл бастама рухани жаңғырудың, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің және салт-дәстүрімізді кейінгі ұрпаққа жеткізудің жарқын көрінісі болды.