
2026 жылғы 04 мамыр күні сағат 15:00-де Жетіжал ауылындағы мәдениет үйінде Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлының халықпен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында әкім округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы есеп беріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сұрақтарын тыңдады.
Ашық әрі мазмұнды форматта өткен бұл кездесу тұрғындармен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Кездесуге қатысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!