
8 наурыз мерекесі қарсаңында Мұқаншы ауылдық округінде жүрекке жылу сыйлаған игі шара өтті.
Округ әкімі, Көксу бекеті мешітінің имамы және мәдениет үйінің басшылары бірлесіп, округіміздегі ғасыр жасаған ардақты апамыздан бастап, ақ жаулықты қарт әжелеріміз бен тыл ардагерлерін арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті.
Бұл – аналарымыз бен әжелерімізге деген шексіз алғыс пен құрметтің белгісі. Өмір жолымен, ақыл-парасатымен кейінгі ұрпаққа өнеге болып отырған асыл жандарымызға жылы лебіз айтылып, сый-сияпаттар табысталды.
Елдің берекесі мен бірлігінің ұйытқысы болып жүрген ардақты аналарымыз бен әжелеріміздің ақ батасы – біз үшін үлкен байлық. Осындай құрмет пен ізет әрдайым жалғасын таба берсін.
Барша аналарымыз бен әжелерімізді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен шаттық тілейміз.
Ақ жаулықтарыңыз әрдайым биік, мерейлеріңіз үстем болсын! 💐