
🌷 Мұқаншы ауылдық округінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні аталып өтті! 🌷
Көктемнің шуақты мерекесі – аналар мен аруларға арналған 8 наурыз мейрамы Мұқаншы ауылдық округінде жоғары деңгейде тойланды.
Мерекелік шараны округ әкімі құттықтау сөзімен ашып, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген аяулы жандарға ізгі тілегін білдірді.
Ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
Имам да жүрекжарды тілегін айтып, отбасының берекесі мен бірлігі әйел-аналардың мейірімінен басталатынын жеткізді.
Салтанатты кеште бірқатар аяулы жандарға Алғыс хаттар табысталып, әйелдер қауымына көктемнің символы – гүлдер ұсынылды 🌹
Бұл мереке – нәзік жандыларға деген құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі болды.
Ардақты аналарымыз бен қыз-келіншектерімізге зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық тілейміз!
🌸 Көктем көңілдеріңізге қуаныш, жүректеріңізге жылулық сыйласын!
#8Наурыз #МұқаншыАуылдықОкругі #ХалықаралықӘйелдерКүні #АналарғаҚұрмет #КөктемМерекесі