Көксу ауданында 8 наурыз мерекесіне орай әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

Көксу ауданында 8 наурыз мерекесіне орай әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

Көксу ауданында 8 наурыз мерекесіне орай әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

🔹 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов арнайы қабылдау өткізді.

✅ Кездесуге еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, ауыл еңбеккерлері, ішкі істер, білім және мәдениет саласының қызметкерлері – еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосып жүрген ардақты нәзік жандылар қатысты.

💐 Аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы аяулы аруларға сый-сияпаттар табыстап, мерекелік құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаубай Бәзілұлы мен аудандық мәслихат депутаты Әлдибек Рғайбекұлы да ізгі тілектерін білдірді.

🔹 Мерекелік шара мәдениет саласы қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.