
🏆 Көксу ауданы – “Үздік аудан – 2025” номинациясының жеңімпазы!
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Жиында өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Жыл қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өркендеуіне елеулі үлес қосып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздіктер марапатталды.
🏅 2025 жылдың қорытындысы бойынша “Үздік аудан – 2025” номинациясының жеңімпазы атанған Көксу ауданының әкімдігі арнайы марапатқа ие болды.
Марапатты Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы қабылдап алды.
Бұл жетістік – аудан тұрғындарының бірлескен еңбегінің, жүйелі жұмыстың және ортақ мақсат жолындағы ынтымақтың нәтижесі.
Алдағы уақытта да Көксу ауданы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап, өңірдің өркендеуіне өз үлесін қоса береді.