
«Қарттар – біздің қазынамыз» қайырымдылық акциясы өтті
Мұқаншы ауылдық әкімшілігінің ұжымы «Қарттар – біздің қазынамыз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында ауылымыздың тұрғыны Калиакбарова Кенжекей апайдың үйінің ауласы мен кіреберіс бөлігі жауған қардан тазартылды.
Қарияларға құрмет көрсету – әрбір азаматтың адамгершілік парызы. Үлкендерге қамқорлық жасау арқылы біз қоғамдағы бірлік пен сыйластықты нығайтамыз.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Себебі қарттарымыз – біздің ақылшымыз, тәрбиешіміз және асыл қазынамыз.