Ардақты-Ана

Ардақты-Ана

Мұқаншы ауылдық округінде қуанышты әрі мерейлі күн болды. Округ әкімі М. Мамыр көпбалалы аналарымызға жоғары мемлекеттік награда – «Күміс алқа» табыстап, құрмет көрсетті. Марапат иелеріне сый-сияпат жасалып, гүл шоқтары ұсынылды 💐
Атап айтқанда, аяулы аналарымыз Бердхан Алтынгүл, Айтуған Жанар, Мақсұтхан Мағираш, Мырзакулова Ақтоты осы мәртебелі наградаға ие болды. Бұл – аналардың ел болашағын тәрбиелеудегі ерен еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет.
Округ әкімі аналарға ақжарма тілегін білдіріп, зор денсаулық, отбасына амандық, балапандарының қызығын көруді тіледі.
Ардақты аналарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, аналық бақыттарыңыз баянды болсын 🤍
#КүмісАлқа
#АрдақтыАна
#МұқаншыАуылдықОкругі