
Мұқаншы ауылдық округі аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жұмыстар аясында ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, рұқсатсыз төгілген күл-қоқыс орындары жойылуда.
Сонымен қатар, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау, жол жиегін тазарту, суағар арналарын ашу және бордюрлерді ретке келтіру жұмыстары атқарылуда.
Аталған іс-шаралар тұрғындардың санитарлық-экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ елді мекеннің көрікті келбетін қалыптастыруға бағытталған. Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.