
2025 жылғы 16 шілде күні Мұқаншы ауылдық округінде «Болашақ жастардың қолында» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету арқылы жастар арасында мейірімділік, жанашырлық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болды.
Қайырымдылық аясында азық-түлік өнімдері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар үлестіріліп, көмекке мұқтаж отбасыларға нақты қолдау көрсетілді.