Мұқаншы ауылында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр

Мұқаншы ауылында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр

2025 жылғы16 шілде күні Мұқаншы ауылдық округінің әкімі міндетін уақытша атқарушы Қасымов Жандар Бекұлы жұмыс сапарымен ауыл аумағында салынып жатқан 10 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарын «Kazakhstan Grand Construction» ЖШС мердігер компаниясы жүзеге асыруда. Жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта құрылыс қарқынды жүргізілуде. Нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы – әкімдік тарапынан тұрақты бақылауға алынған.