
2025 жылғы 10 шілде күні мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында "Мұқаншы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін төмендету жолдары талқыланды.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қорытындысында мемлекеттік қызметтегі әділдік пен жауапкершілік – қоғам сенімінің берік негізі екендігі ерекше айтылды.