Суда шомылу қауіпсіздігіне арналған түсіндіру шарасы өтті

Суда шомылу қауіпсіздігіне арналған түсіндіру шарасы өтті

2025 жылғы 17 маусымда Мұқаншы ауылдық округінің Көксу бекетінде жергілікті тұрғындармен суда шомылу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері мен алдын алу шараларын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, сондай-ақ шұғыл жағдайларда әрекет ету жолдары туралы кеңестер берілді.

Шараның мақсаты – тұрғындардың судағы қауіпсіздік деңгейін арттыру және жаз мезгілінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу.