
📊 Кездесу барысында ауданның 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалып, бұған дейін ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалу нәтижелері айтылды.
✅ Баяндамадан соң аудан әкімі тұрғындармен еркін форматта пікір алмасып, жеке қабылдау өткізді. Көтерілген негізгі мәселелер – ауыл инфрақұрылымын жаңғырту, ауыз су, жол, жарық, сондай-ақ жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдау жайы болды.
📌 Аудан басшысы әрбір сұраққа жауап беріп, нақты тапсырмалар берді. Тиісті бөлім басшыларына мәселелерді бақылауға алу тапсырылды.
🔎 Бұл кездесу тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік берді, сондай-ақ халық пен билік арасындағы сенімді арттыра түсті.