
2025 жылғы 5 маусым күні «Таза бейсенбі» акциясы аясында Мұқаншы ауылдық округі бойынша кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға ауыл тұрғындары белсенді атсалысып, көшелер мен қоғамдық орындардың айналасы тазартылды. Ағаштардың бұтақтары қырқылып, жиналған қоқыстар арнайы техникалармен шығарылды.
Бұл шараның басты мақсаты — ауылдың экологиялық ахуалын жақсарту және тұрғындардың санитарлық тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру. Игі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.