Жетіжал ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

Жетіжал ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

2025 жылғы 4 маусым күні Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлы Жетіжал ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауылдағы сиыр табынының малшысын ауыстыру мәселесі қаралып, малды өріске шығару уақыты, егістік алқаптарға малдың түсіп кетуін болдырмау және ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ортақ шешімдер қабылданды. Әкім ауыл халқына ұйымшылдық пен тәртіп сақтаудың маңызын атап өтіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.