«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар

2025 жылғы 28 мамыр күні Мұқаншы ауылдық округінде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар абаттандыру және көркейту жұмыстары атқарылды.

Атап айтқанда, ауылдағы балалар ойын алаңы ретке келтіріліп, ойын элементтері мен орындықтар сырланып, жаңартылды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлік нысандардың, дүкендердің және «Қазпошта» бөлімшесінің сыртқы қабырғалары боялып, мекемелердің келбеті жаңартылды.

Аталған жұмыстар ауылдың эстетикалық келбетін жақсартуға, тұрғындарға қолайлы және таза орта қалыптастыруға бағытталды. Бұл бастама ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігін нығайтуға зор үлес қосады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.