2025 жылдың 15 мамыры күні Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 20-бабының 2-тармағына және 2025 жылға арналған мобильді (жылжымалы) мансап орталықтарының жұмыс жоспарына сәйкес, Мұқаншы ауылдық округінде “Жылжымалы мобильді пункт” жобасын насихаттау іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына “Ұлттық жобалар”, жұмыспен қамту тетіктері, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер берілді. Мамандар азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беріп, қажетті ақпараттық-кеңестік қолдау көрсетті.
Бұл шара ауыл тұрғындарының әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталды.