Ауыл аумағындағы сауда нысандарына бақылау рейді жүргізілді. Рейд барысында азық түлік өнімдерінің сақтау мерзімі, тауарлардың сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және баға тұрақтылығы тексерілді.Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша дүкен иелеріне ескертулер беріліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Тиісті талаптарды орындау – тұтынушылардың қауіпсіздігі мен сапалы өнім алуына кепіл болатыны атап өтілді. Алдағы уақытта да мұндай бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасатын болады.