
Лабасы ауылдық округінде интернет алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс шара өткізілді. Халыққа арнайы брошюралар таратылды. Бұл материалдарда интернеттегі қауіп-қатерлер, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері және жеке деректерді қорғау жолдары туралы қысқаша әрі түсінікті ақпарат берілген.
Брошюраларда күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, банк картасының деректерін құпия сақтау сияқты маңызды ережелер көрсетілген. Сондай-ақ, алаяқтық жағдайына тап болған кезде қайда жүгіну керектігі туралы нұсқаулар қамтылған.