Жиынды Лабасы ауылдық округінің әкімі Т.Кешуов ашты. Әкім өз сөзінде, соғыс және еңбек ардагері Рысжан Әлімбаевтың ұрпақтары, әкелеріне көше есімін беру туралы өтініш білдіргендігі туралы айтты. Баршаңызға белгілі, осы ауылда туып өскен, жастайынан еңбекке араласып, Ұлы Отан соғысына қатысып , елімізді, жерімізді қорғаған майдангерлеріміздің бірі, соғыс ардагері және еңбек ардагері Рысжан Әлімбаевтың есімін осы ауылдағы ПМК көшесіне беру туралы ұсыныс түсті. Сол ұсыныс бойынша жиын өтті.