Жұмысшы мамандықтар жылы

Жұмысшы мамандықтар жылы

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, олардың жетістіктерін дәріптеу және адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру мақсатында қолға алынған.

Осы орайда, Көксу ауданы Ақтекше ауылдық кітапханасы, аудандық ақсақалдар кеңесі және Мәдениет үйі бірлесіп «Адал адамзат-Адал еңбек- Адал табыс» атты көш керуені өтті.

Шара дәстүр бойынша қазақы қонақжайлықпен басталып, әжелер алқасы шашу шашып, келген қонақтарды қарсы алды.

Жиын барысында Ақтекше ауылдық кітапханасының кітапханашысы Марал Төлегенқызы қатысушыларды арнайы ұйымдастырылған «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» атты бес бөлімнен тұратын кітап көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар келген қонақтарға Ақын Қабан Жырау атындағы орта мектепте орналасқан Қабылиса-Қабан Жырау атамыздың музейімен таныстырылды.

Шараның ашылуына Көксу ауданының құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар алқасының орынбасары Дүйсенбинов Жұмахан Искакұлы, Көксу ауданының құрметті азаматы, Жарлыөзек ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Нүрпейісов Аманжол, Ішкі істер саласының ардагері Жетпісбаев Тоқтау Жұмажанұлы, аудандық ардагерлер алқасының мүшесі Райынбеков Мұхтар Шалбайұлы сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Ақсақалдар өз сөздерінде адал еңбектің қоғамдағы маңызын атап өтіп, жастарды еңбекқорлыққа,жауапкершілікке шақырды.

Шара барысында жас өрендер «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, өз өнерлерін көрсетті.