Атаулы мерекеге ауыл тұрғындары мен қонақтары зор ықыласпен қатысып, көктемнің шуақты мерекесін бірге қарсы алды. Ауыл әкімі Бейсенов Еркін Аманбайұлы жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарын Әз-Наурызбен шын жүректен құттықтап, елге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, ол ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Мереке аясында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстар мен қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын ойындар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырып, мерекенің ажарын аша түсті.