8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні аталып өтті!

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні аталып өтті!

Қабылиса ауылдық округінде 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні аталып өтті!

 

Көктемнің шуақты мерекесі аналар мен аруларға арналған 8 наурыз мейрамы Қабылиса ауылдық округінде жоғары деңгейде тойланды.

 

Мерекелік шараны округ әкімі құттықтау сөзімен ашып, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген аяулы жандарға ізгі тілегін білдірді.

 

Салтанатты кеште бірқатар аяулы жандарға Алғыс хаттар табысталып, әйелдер қауымына көктемнің символы гүлдер ұсынылды

 

Бұл мереке - нәзік жандыларға деген құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі болды.

 

Ардақты аналарымыз бен қыз-келіншектерімізге зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық тілейміз!

 

Көктем көңілдеріңізге қуаныш, жүректеріңізге жылулық сыйласын!

 

#8Наурыз #Қабылиса ауылдық округі