САЙЛАУ НӘТИЖЕСІ

САЙЛАУ НӘТИЖЕСІ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес, 2025 жылғы 13 шілде күні Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесінде Бейсенов Еркін Аманбайұлы округ тұрғындарының сеніміне ие болып, Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 шілдедегі №29 шешіміне сәйкес Қабылиса ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.

Осыған орай аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы ауыл активімен кездесу өткізіп, қайта сайланған әкімді таныстырып, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Бейсенов Еркін Аманбайұлы 16 қаңтар 1970 жылы Алматы облысы, бұрынғы Киров ауданы, Ақтекше ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996-2011 жылдары «Сарыой» жеке шаруа қожалығының төрағасы болды.

2011 жылдан бері Қабылиса ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Кездесу барысында аудан әкімі Дәулет Халелов округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, сайланған әкімге сәттілік тіледі.