«Адал Азамат - Адал еңбек - Адал табыс» кездесу кеші

«Адал Азамат - Адал еңбек - Адал табыс» кездесу кеші

2024 жылдың 2 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандығы жылы» деп атауына орай, 2025 жылдың ақпан айының 19 күні Көксу аудандық кітапханасы, аудандық ақсақалдар кеңесі және Мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен Зылиха Тамшыбай ауылдық Мәдениет үйінде «Адал азамат Адал еңбек Адал табыс» атты көш керуені өтті.

         Шара Зылиха Тамшыбай мемориал кешеніне Нұрәділ Несіпбайұлы мен  ақсақалдар алқасының төрағасы Мырзакелді Баймырзаұлының гүл шоқтарын қоюдан басталды. Зылиха Тамшыбай ауылдық Мәдениет үйінің алаңында әжелер алқасы шашу шашып, қонақтарды қарсы алды. Зылиха  Тамшыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бекбатыр. М «Адал Азамат - Адал еңбек - Адал табыс» атты 5 бөлімнен тұратын кітап көрмесін таныстырса, Нұрмухамбетова А. Зылиха Жанболатқызы Тамшыбай апамызға арналған музейді таныстырып өтті.

Көрменің бөлімдері:

«Өткенің жарқын, болашағың айқын - Қазақстан»

«Адал еңбек өмірді жақсартудың басты құндылығы»

«Еңбек адамы халық мақтанышы»

«Ауыл өмірі-береке бастауы»

Шараның ашылуында Зылиха Тамшыбай ауылының Ауған соғысының ардагері, зейнеткер ұстаз Несіпбаев Нұрәділ атамыз, аграном, еңбегі сіңген, қазір Кеңарал ауылының  ақсақалдар төрағасы Қожабергенов Қожан атамыз, Зылиха Тамшыбай ауылының ақсақалы Қожабергенов Мырзан аталарымыз жылы лебіздерін білдірді.