«Таза бейсенбі» акциясы аясында сенбілік

«Таза бейсенбі» акциясы аясында сенбілік

Еңбекші ауылдық округінде «Таза бейсенбі» акциясы аясында сенбілік өтті

«Таза бейсенбі» экологиялық апталығы шеңберінде  ағымдағы жылдың сәуір айының 16 күні  Еңбекші ауылдық округіне қарасты Социалисттік Еңбек Ері Зылиха Жамболатқызы Тамшыбаеваның бюсты орналасқан аумақта санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, жастар нұсқаушысының бастауымен ұйымдастырылған іс-шараға әкімшілік қызметкерлері мен жастар қатысты.

Жұмыс барысында жасыл желектер мен егілген ағаштар, гүлдердің маңын ретке келтіруге ерекше көңіл бөлінді. Жиналған барлық күл-қоқыстар шығарылды.

Іс-шараның басты мақсаты — елдімекеннің санитарлық жағдайын жақсарту, ауылдың сәулеттік келбетін көркейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады.