«Интернет алаяқтық пен дропперлікті алдын алу»
Еңбекші ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы округ тұрғындары арасында «интернет-алаяқтық пен дропперліктің алдын алу» мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, көшелерге ілінді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары QR-код арқылы арнайы сауалнамаға қатысып, өз пікірлерін білдірді.